Келтірілген зияннан туындайтын міндеттеме

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы  қаласының  мамандандырылған  ауданаралық  экономикалық  сотында  талапкер  ЖК «Н»-нің   жауапкер   «Т» ЖПК-нен  келтірілген   зиянның қарыз  сомасын  өндіру  туралы  азаматтық іс   қаралды.

Жеке  кәсіпкер  өз  меншік  құқығындағы  мүлікке  ЖПК-нен  зиян  келтірілгендігі  туралы  талап  арыз  берілген.

Қазақстан Республикасы  Азаматтық  кодексінің  264  бабына  сәйкес,  меншік  иесі,  өз  құқығының  бұзылуы  иеліктен  айыруға  байланысты  болмағанымен, оларды  бұзудың қандайын  болса  да  жоюды  талап  етуге  құқылы.

Сондықтан, жауапкер  талапкерге  келтірген  зиянды  ақшалай  көрініс  ретінде  өтеу  керек.

Сот,  талапкерді  жеке  меншік  иесі  деп  танып,  «Т» ЖПК-ны  зиян  келтірілген  мүлікке  зиянын  өтеп  беруді  міндеттеді, өйткені «Т» ЖПК-і қызмет көрсететін  үйдің төбесінен құлаған қардың себебінен талапкердің жеке мүлкіне залал келтірілген.

Апелляциялық  алқа  бірінші  инстанциядағы  соттың  қорытындысымен  келісті.

Сот  шешімі   заңды  күшіне  енді.

Источник: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты