Келісім талаптары заңға қайшы келмейді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер: Т. жауапкерлер  Қ. және  Д.-ға қатысты материалдық шығынды өндіру туралы талап арызымен азаматтық ісі  қаралды.

Азаматтық істі дайындау барысында  тараптар арасында талапкер жауапкерлердің арасында келісілген   дауды медиативтік жолмен шешу туралы келісімді сотқа ұсынды, келісім бойынша: Талапкер талап арызынан толығымен бас тартады, жауапкерлер 03.04.2017 жылға дейін талапкер Т.-ға  570 340 теңге соманы төлеуге міндеттеледі.

Дауды медиативтік жолмен шушу туралы келісім  тараптар арасында жазбаша түрде бекітілген.

Соттың ұйғарымымен тараптар арасында даудымедиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді. Аталған келісім заңға қайшы келмейді, тараптардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының баспасөз қызметі