Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Алматы қалалық соты Тамыз оқуларын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қазақстан Республикасының Н.Дәулетова атындағы залында Алматты қалалық соты «Конституциялық құндылықтар және оларды Қазақстан заңы мен құқыққолдану практикасында жүзеге асыру жолдары» деген тақырыпта Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Тамыз оқуларын өткізді.

Бұл іс-шараны Алматы қалалық соты Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасымен бірге ұйымдастыррды.

Дөңгелек үстелге Алматы қалалық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов Алматы қаласының Әкім орынбасары М.Дәрібаев, құқыққорғау органдардың, әділет, еңбек және әлеуметтік қорғау, миграция, мемлекеттік кіріс, нотариалдық кеңес, адвокаттық қызмет деппартаменттерінің бірінші төрағалары,  көрнекті ғылым қайраткерлері, Алматы қаласының жоғарғы білім беру орындарының ректорлары, Алматы қалалық сот, Алматы қ. аудандық соттары және оларға теңестірілген сот өкілдері, отставкадағы сот өкілдері, Алматы қаласының соттар Әкімшілігінің басшылығы, сонымен қатар Әділет академиясының түлектері қатысты.

Тамыз оқулары Конституция күні қарсаңында ерікті пікір алмасу шеңберіңде өтті.

Іс-шара барысында заңнамалардың конституциялық негізін іске асыру тәжірибесі туралы ауқымды пікірласу орын алды. Конституциялық құндылықтарды дамыту, заманауи ақпараттық технологияларды ғылыми-тәжірибелі және басқа да ресурстарды жүйелі түрде жұмылдырып заң қабылдаушылар және заң орындаушылардың, мемлекеттік және қазақстандық азаматтық қоғамдық институттардың күш біріктіруін талап ететіні осы іс-шарада айтылды.

Адамның құқығы мен бостандығына адамның мәртебесін қадірлеуде, жоғары азаматтықты тәрбиелеуде, конституциялық өзгерістердің адами құндылықтың ұлғаюы туралы пікірлерге назар аударылды.

Тамыз оқуларына қатысушылар осы іс-шараны жылда қткізу туралы ұсынысты қолдады.

Пікір алмасу нәтижесінде ұсыныстар қабылданды.

Іс-шара басында ұйымдастырылған кітаптар көрмесіне шолу жасап, Ата заңға арналған деректі фильмін көрді.

Қайнар: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі