Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әуезов аудандық сотында Қазақстан Республикасының Конституция Күнінің қарсаңында "Қазақстан Республикасының Конституциясы - тәуелсіздік кепілі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Соттың кеңсе менгерушісі А. Бегманов өз сөзінде: "Конституция - бұл контитуциялық құрылымның негіздерін ретке келтіретін, адам мен азаматтың құқықтық жағдайын, басқарма нысанын реттейтін, мемлекеттік құрылымның іргетасын, адамның құқығы мен бостандығын бекітетін мемлекеттің негізгі заңы екендігін айтты.

Конституцияның басты аспектілері - жалпы мойындалған демократиялық құқықтық идеялар мен принцептердің бағдарлануы болып табылады» - деп атап өтті.

Сондай-ақ, сот билігіндегі Конституциясының басты баптарына арналған іс-шара барысында қатысушылар "Конституция-бұл азаматтардың пікірін қорғаудағы ең сенімді кепілі,сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық әл-қуаты, рухани даму мен гүлденудің жолы" деген пікірге келді.

Источник: 
Алматы қаласының Әуезов аудандық соты