Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған деген айыппен сотқа берілген Х.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

2017 жылдың 8 ақпанында, заңсыз көші-қонның алдын алу мен болдырмауға бағытталған ЖБШ-н жүзеге асыру кезінде, 13-30 сағат шамаларында, Алматы қаласы Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысында, 07 маусым 2016 жылғы Алматы қаласының мамандандырылған ауданарлық әкімшілік сотының қаулысымен Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберу туралы әкімшілік жазасына тартылған, Азербайджан азаматы Х. ұсталды. Қаулыға сәйкес сотталушы Х. қаулы күшіне енгеннен кейін 5 тәуліктің ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан шығып кету керек болған.

Алайда сотталушы Х. Қазақстан Республикасында ары қарай өмір сүру мақсатымен қалуды ойластырып, көрсетілген мерзімде республика аумағынан кетпеген.

Сотта сотталушы Х. кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінді.

Сот үкімімен Х. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 393-бабымен кінәлі деп танылды. Оған 5 жылға дейін Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылып, 25 АЕК айыппұл жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі