«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңын бұзғаны үшін айыппұлға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК 319 бабы бойынша  азаматша Ә-ге қатысты әкімшілік істі қарады.  

Азаматша Ә.  «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңын бұза отырып,Алматы қаласы Промышленная көшесі №4 үй 5 пәтер көп пәтерлі тұрғын үйден жырақта, мемлекетке тиесілі жер учаскесіне   тұрмыстық объектіні, ешқандай рұқсат құжатсыз, жобаны құзырлы органның рұқсатынсыз және келісімінсіз жерге тиісті құқықсыз заңсыз салғаны анықталған, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК 319 бабында көрсетілген құқық бұзушылық жасаған.

Сот залында Ә. өз кінәсін толық мойындады.

Сот қаулысымен    Ә. әкімшілік құқық бұзушы болып танылып, әкімшілік өндіру түрінде, 15 айлық есептік көрстекіш 34035  теңге көлемінде айыппұлға және заңсыз тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзуға тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты