«Қазақфильмде» жол көлік оқиғасын жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2015 жылдың 2 шілдесінде Алматы қалалық сотының баспасөз орталығында  Жангир Бокашевқа қатысты брифинг өтті.

Ж.Бокашев ҚР ҚК-нің 345 бабы 2 бөлігіне (автомобильді, троллеубусты, трамвайды, не басқа да механикалық көлік құралы басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан іс әрекет) сай 2 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы  және 3 жылға көлік құралын жүргізуге айырды.

Қылмыстық іс құжаттары бойынша Ж. Бокашев № 31 автобустың жүргізушісі болып, 2015 жылы 18 ақпан күні  «Қазақфильмде» жол көлік оқиғасын жасап, соның салдарынан 12 автокөлік зардап шекті және автобуста отырған жәбірленуші Б. Шайменов ауыр дәрежедегі дене жарақатын алды.

Аталған брифингке, Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің басшысы Қуандық Ешімет, республикалық және жергілікті теледидарлар қатысты: Атап айтканда «ОРТ Евразия», «Астана» және «Алматы» каналы  қатысты.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Источник: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі