Қаулы заңды күшіне енді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында алаяқтық үшін М.-ға  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, М. 2016 жылдың жаз айында Б.-мен танысып, оның бизнес ашқысы келетінін  және өзіне инвесторларды іздеп жүргендігін айтты. Сол кезде М.-да алаяқтық жасауға бағытталған қылмыстық ниет пайда болады. Өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында М. өзінің қытайлық таныстарының бар екендігін және олар ҚР бизнесті инвестициялағысы келетіндігі туралы айтты. М. сенімге кіріп Б.-ның  бизнес жоспарын және есптерін  көріп, жоспардың  жақсы екендігі туралы айтты, және оны таныстары оның бизнесін инвестициялайтындығы туралы және ҚХР-ның азаматтыран ҚР-на  шақырту үшін ақша қаражаттарының қажет екендігі туралы айтты. Б. келісіп, 02 қыркүйекте 2016 ж. М.-ның есеп шотына Алматы қаласына  бизнес үшін инвесторларды шақырту үшін 426 325 теңге сомасында ақша қаражатын аударады. М. тапқан ақша сомасын өзінің жеке қажеттіліктеріне жұмсады. М. сөйтіп Б.-ға 426 325 теңге сомасында материалдық залал келтірді. 

Сот отырысы барысында М. өз кінәсін толық мойындады.

Сот қаулысымен айыпталушы мен жәбірленушінің өзара татуласуына байланысты, медиация тәртібімен ҚР ҚК 68 б. 1 б. сәйкес М. қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, ҚР ҚК нің 190 бабының 1 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс өндіріспен қысқартылды. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Алматы қаласының Медеу ауданының №2 аудандық соты