Қате мәлімет бергені үшін айыппұлға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК 228 бабы 2 бөлігі бойынша «СК «Казкоммерц-Полис»  АҚ сақтандыру компаниясына қатысты әкімшілік істі қарады.

Тексеру кезінде «СК «Казкоммерц-Полис»  АҚ сақтандыру компаниясы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне дұрыс мәлімет бермеген, атап айтқанда 01.02.2017 жылы тоқсандық есеп журналын сақтандыру агентінің араласуынсыз сақтандыру келісім-шарттарын ұсынғаны анықталды.

Сот қаулысымен  «СК «Казкоммерц-Полис»  АҚ әкімшілік құқықбұзушы болып танылып, 600  айлық есептік көрсеткіш, 1 361 400 теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданарлық әкімшілік сотының баспасөз қызметі