Қасақана бөтенннң мүлкін қасақана жойғаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында  Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабының 1 бөлімімен және 202 бабының 3 бөлімі 2 тармағымен Н.-ға  қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотпен анықталғандай, сотталушы Н., №87/35 үйдің жанында жәбірленушіге  А-ға тиесілі құны 120 000 теңгелік " BATTLE" велосипедін көріп, оны жасырын ұрлаған. Содан кейін, Н. оқиға болған жерден бой тасалаған.

Осылайша, Н. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1 бөлігімен көзделген ұрлық, яғни бөтен мүлікті жасырын ұрлаған.

Сотталушы Н. бұнымен тоқтамай уақытша тұруға, қонақ үй бөлмесін жалдайды. Осы кезеңде тұрып жатқан жерінде қонақ үй әкімшісімен жанжалдасады. Соңынан, Н. қылмыстық  ниет жасауға бағытталған ой туып,  бөтеннің мүлкін жоюға ниеттеніп, қонақ үйді қасақана өртеп, содан кейін оқиға орнынан бой тасалаған.

Осылайша, Н. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 202 бабының 3 бөлімі 2 тармағымен көзделген қылмысты жасаған.

Сот отырысында сотталушы Н. кінәсін ішінара мойындады.

Сот үкімімен Н. кінәлі деп танылып,  ҚР ҚК-нің 202 бабының 3 бөлімі 2 тармағымен жасаған қылмысы үшін  5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстық кодекстың  14 бабының 2 бөлімі 1 тармағымен қауіпті рецидив қылмысы нақтыланды.

Жазаны өтеу ерекше режимдегі түзеу колониясында белгіленді.

Жәбірленуші П-ның азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылды. Н.-нен  П-ның пайдасына 26 243 489 сома мөлшерінде теңге өндіру көзделді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты