Қасақана бөтеннің мүлкін бүлдірген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласында айтарлықтай залал келтіріп, бөтеннің мүлкiн бүлдiргені үшін тараптар өзара келісімге келулеріне және келтірілген залалды өтеуіне байланысты К.Д.- ға қатысты қылмыстық іс қысқартылды.

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында айтарлықтай залал келтіріп, бөтеннің мүлкiн бүлдiргені үшін К.Д.- ға  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, 04.04.2017 ж. сағат 21.30 шамасында К.Д. «RosPetrol» АЖБ не бағыттап өзінің құрбысы А.З. пен кездесті. А.З. мен К.Д. арасындағы сөйлесу кезінде қызғаныш салдарынан дау туды. Ұрыс керіс кезінде К.Д. ауыр қасастық жағдайында «QIWI» терминалының дисплейінен жұдырығымен ұрып, оның жарамсыздығына алып келді. Ары қарай К.Д. кетіп бара жатып сонымен қатар автожанармай тіреуішінің таблосын  жұдырығымен сындырды. К.Д. өзінің қылмыстық әрекеттерімен «Alfa Enеrgy» ЖШС не 291 800 тенге көлемінде материалдық залал келтірді.

Сот отырысы барысында К.Д. өз кінәсін толық мойындады.

Сот қаулысымен айыпталушы мен жәбірленушінің өзара татуласуына байланысты, медиация тәртібімен ҚР ҚК 68 б. 1 б. сәйкес К.Д. қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, ҚР ҚК нің 202 бабының 1 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс өндіріспен қысқартылды. 

Қаулы заңды күшіне енді. 

Источник: 
Алматы қаласының Медеу ауданының №2 аудандық соты