Қарызды өндіру туралы талап қою арызы ескіру мерзімін қолданып ішінара қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Алатау аудандық сотында талап қоюшы «КТГ-А» ЖШС-нің жауапкер К-ға қарызды өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істің құжаттарына сәйкес, талап қоюшы сотқа қарызды өндіру туралы талап қою арызымен жүгінген, арызда жауапкермен пломбаны бұзып газбен жабдықтауға өз бетінше қосылып, газбен пайдаланғанын көрсеткен, осыған байланысты талап қоюшы өзінің пайдасына жауапкерден өз бетінше қосылғаны үшін қарызды өндіруді сұраған.

Сот азаматтық істі қарап, талап қоюдың ескіру мерзімін қолданып талап қою арызын ішінара қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енді. 

Источник: 
Алматы қаласы Алатау аудандық сотының баспасөз қызметі