Қарызды өндіру туралы талап арыз қанаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Микрокредиптная организация «Kaz Credit Line» ЖШС-нің жауапкер А.К.-тан қарызды өндіру туралы талап арызы қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, 19 маусым 2015 жылы «Микрокредитная организация «Kaz Credit Line» ЖШС мен А.К. арасында шағын кредит беру туралы шарт жасалған, шарт талабы бойынша жауапкерге 720 күн мерзімге, 98 904 теңге сыйақы соммасымен 200 000 теңге шағын кредит берілген.

Талапкер өз тарапынан жауапкер алдында қойған міндеттерін толықтай орындап, шағын кредит беру туралы Шартына сәйкес ақшаны берген.

Жауапкер Шарт бойынша өз міндеттемелерін көрсетілген мерзімде орындамай, төлемнің мерзімін өткізіп алып және қазіргі кезге дейін Шартта келісілген төлем түспеген.

Қарыздың бар болуы, талапкердің үсынған шартымен, берешек есебі және істегі басқа құжаттармен дәлелденеді.

Судья ҚР АІІК 146 бабының 5 бөлігі, 6 бөлігіне сәйкес, соттың қойылған мерзімі өткеннен кейін, тараптарды шақырмай-ақ істі қысқаша өндіріс ретінде қарады.  

ҚР АК 272, 273 бабтарының талаптарына сәйкес,  мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс. Заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға және оның шарттарын бiржақты өзгертуге жол берiлмейдi.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының баспасөз қызметі