Қарызды өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС жауапкер Г.М. Кудьярбековадан қарызды және де баж салығы бойынша шығынды өндіру туралы талап арыз қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, жауапкер өзіне алған міндеттемені тиісті түрде арындамаған. Соның саласынан қарыз жиналып қалған, есеп шот көрсеткіше сәйкес 184 898,77 теңгені құраған.

Судья Қазақстан Республикасының Азаматтық іс-жүргізі кодексінің 146 бабының 5 бөлігі, 6 бөлігіне сәйкес, соттың қойылған мерзімі өткеннен кейін, тараптарды шақырмай-ақ істі қысқаша өндіріс ретінде қарады.

 ҚР АК 387 бабына орай, коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметiнiң сипатына қарай оған өтiнiшпен келетiн әркiмге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн шарт жария шарт деп танылады (бөлшек сауда, көпшiлiк пайдаланатын көлiкпен тасымалдау, байланыс қызметiн көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметiн көрсету және т.б.). 

ҚР АІІЖ 224 бабының 2 бөлігінің талаптарына сәйкес, сот шешiмдi тараптар ұсынған және сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негiздейдi.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС талап арызын сот шешімімен қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының баспасөз қызметі