Қарызды өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотымен талапкер «П» ЖШС-ң жауапкер  Б.-дан  қарыз өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

2008 жылы талапкер мен жауапкер арасында Банктік несие беру шартына сәйкес жауапкерге 736 800 тенге көлемінде тұтынушылық несиесі берілгені сотпен анықталды. Несие алушы несиені уақытылы банкке қайтару туралы міндетті орындамаған.

Жауапкер «Б»ның несие шартына сәйкес жүктелген міндеттерін уақытылы орындамағаны сотпен анықталды.

Сот отырсында жауапкер «Б» талап арызбен толықтай келісетінін айтты.

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотыменталапкер «П» ЖШСның жауапкер «Б» қарыз өндіру туралы азаматтық ісі бойынша талап арызды қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі