Қарызды өндіру туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Кселл» АҚ жауапкер Б.Б.-тан қарызды өндіру туралы талап арыз қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, 27.07.2015 жылы «Кселл» АҚ және Б.Ж.Байжанов арасында 720 күнтізбелік күн мерзімге, 6 990 теңге көлемде ай сайын төлеммен, «Контракный телефон» акциясына қатысу туралы келісім болған. Келісім бойынша оператор абоненке «Galaxy Alpha LTE» абонентік құрылғысын сатады және абоненке уақытылы төлем қызметін береді, ал абонент абоненттік құрылғыны сатып алып, пайдаланып және Келісім бойынша ақшасын төлейді.  

Іс құжаттарынан, жауапкер өзіне алған міндеттерді тиісті түрде орындамаған, осыған байланысты оның қарызы 125 850 теңгені құраған.

Қарыздың бар болуы, талапкердің ұсынған құжаттарымен, онымен қатар «Контрактный телефон» акциясына қатысу келісімі, қарыз туралы анықтама және басқа да құджаттармен дәлелденеді.

Судья Қазақстан Республикасының Азаматтық іс-жүргізі кодексінің 145 бабының 1 бөлігінің, 2 тармақшасына сәйкес, оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздары бойынша.

ҚР АК 272, 273 бабтарының талаптарына сәйкес,  мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс. Заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға және оның шарттарын бiржақты өзгертуге жол берiлмейдi.

Сот шешімімен  талап арыз  қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының баспасөз қызметі