Қарыз сомасын өндіру мен мүлікті кепілге өткізу туралы арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында талапкер  «ЦеснаБанк» АҚ жауапкер «У»-ға қатысты қарыз сомасын өндіру мен мүлікті кепілге өткізу  туралы азаматтық іс қаралды.

«ЦеснаБанк» АҚ  сотқа жауапкер «У»-ға қатысты  қарыз сомасын өндіру мен мүлікті кепілге өткізу туралы арызымен жүгінді. Талапкер өз талаптарын келесімен дәлелдейді: «ЦеснаБанк» АҚ мен жауапкер арасында  60 айға  жылдық сыйақы 20,7%, 2  551 359 тенге сомасындағы  автокөлікті сатып алуға байланысты  мерзімділік, ақылдық, қайтарымдылық шарттарында банктік заем келісімі жасалған.

Міндеттемелерді қамтамасыз ету мақсатында  жауапкер мен Банк арасында автокөлікті кепілге өткізу туралы келісім жасалды. Банктің кепіліне Lada 21713RSOY5L  автокөлігі беріледі. Банкпен өз міндеттемелер орындалды алайда жауапкер өз мойынына алынған міндеттемелерді орындамады, сол себептен қарыз бойынша мерзімі өткен және 2 760 462 тенге сомасындағы берешек пайда болды. Жауапкер мекенжайына қарызды өтеу туралы ескертулер   назарсыз қалдырылды сол себептен талапкер сотқа жүгініп, соттан өз тарабына жауапкерден 2 760 462 тенге сомасындағы қарызды өтей отыра, төленген 82 814 тенге  мемлекеттік баж сомасын  төлеуді, автокөлікті кепілге өткізуді  сұрады.

Тараптарды тыңдаған соң, сот талапкер «ЦеснаБанк» АҚ талап арызын ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Жауапкерден  «ЦеснаБанк» АҚ тарапына 2 646 622 тенге, сот шығындары 79 398 тенге өтеу, Lada 21713 RSOY5L автокөлігін Банктің кепіліне өткізу туралы шешім қабылданды.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласының Бостандық аудандық соты