Қарыз сомасын өндіріп алу туралы талап қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Медеу аудандық сотында талапкер Г.Ф.-тің жауапкер В.р.-дан  қолхат бойынша қарызды өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Азаматтық істің материалдарына сәйкес, талапкер қарызды өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінген, 2016 жылдың 10 сәуірінде талапкерден жауапкер қолхат негізінде 195 000 теңге ақшалай қарыз алған. Алайда, жауапкер келісілген мерзім ішінде қарыздың 195 000 теңгесін қайтармаған.

Талапкердің сенім хат бойынша өкілі соттан жауапкерден талапкердің пайдасына 195 000 теңге соммасын өндіруді сұрады.

ҚР АК 7 бабына сәйкес, азаматтық құқықтар мен мiндеттер заңдарда көзделген негiздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерiнен пайда болады, өйткенi ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетiлмегенiмен, олардың жалпы негiздерi мен мәнiне байланысты азаматтық құқықтар мен мiндеттердi туғызады.

ҚР АК-нің 272 бабына сәйкес, мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс.

Сот азаматтық істі қарап, талапкердің талап-арызын толық қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.  

Источник: 
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының баспасөз қызметі