Қарыз соманы өндіру туралы талап арыз қанағатандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы №2 Алмалы аудандық сотында талапкер «AsiaCreditBank»  АҚ  жауапкер М.-ға қатысты .қарыз соманы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында, 30.06.2014 жылы «AsiaCreditBank»  АҚ мен жауапкер арасында банк заемы туралы келісім шарт жасалған. Осы келісім шарт бойынша банк жауапкерге 9 000 000 тенге мөлшерінде несие берген, бірақ жауапкер өз міндеттерін толық көлемінде орындамаған.  

Сот отырысында жауапкер М. талап арыздың талаптарын негізігі қарызды өндіру туралы бөлігінде мойындады.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды  күшіне енді.  

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі