Қарыз соманы өндіру туралы талап арыз ішінара қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның жауапкер  Н.-ге . қатысты    қарыз соманы өндіру туралы азаматтық  ісі  қаралды.

ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ы жауапкер Н.-ге қарыз соманы өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінді. Аталған  бұзушылыққа байланысты  2013 жылдың қаңтар айының 01-і жұлдызынан бастап  2014 жылдың желтоқсан айының 02-жұлдызы аралығында  газ есептегіш құрылғысыз газды қолданғанын ескере отырып келген шығынды есептеп келе, 1 085 007 теңге қарыз сомасын өндіруді сұрайды.

Жауапкер Н.  сот отырысында  газ есептегіш құрылғының тамыз айында ұрланғанын, тамыз айында «КазТрансГаз Аймак» АҚ-на және «Алматинские газовые сети» ЖШС-не осы жайт бойынша   жүгінгенін, ал қыркүйек айында Жетісу аудандық ІІБ-на  шара қолдану үшін  жүгінгенін мәлімдеді. Газ төлемдерін уақыты төлеп отырғанын ал газ есептегіш құрылғының болмаған сәтінен бері   газ баллонымен қолданғанын хабарлады,  газ есептегіш құрылғының болмаған уақыт аралықтағы қарызын төлеуге келісіп,  талапкер қойған талаппен келіспейтіндігін мәлімдеді

Сот шешімімен «ҚазТрансГазАймақ»АҚ-ның жауапкер Н.-ге берген қарыз соманы өндіру туралы талап арыз жартылай қанағаттандырылды.     Жауапкер Н.-ден талапкер  «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ы пайдасына 356 432 теңге өндіруді шешті. Талап арыздың қалған бөлігін қанағаттандырусыз қалдыруға шешім шығарды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу аудандық соты