Қарыз соманы өндіру туралы дау медиация тәртібінде қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында талапкер «Алматы жылу жүйесі» АҚ-ның «Б» жауапкерге қарыз соманы өндріп алу туралы азаматтық іс медиация тәртібінде қаралды.

Талапкер «Алматы жылу жүйесі» АҚ, жауапкердің қызмет көрсету  келісім бойынша міндеттерді орындамағанына байланысты , 182 079 теңге мөлшерінде  қарыз соманы жауапкерден өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Азаматтық істі қарастыру барысында екі тараптан да медиация тәртібінде дауды реттеу туралы  арыз түсті. Келісімге сәйкес,  «Алматы жылу жүйесі» жауапкердің қарызы жоқтығын мойындайды, ал жауапкер өз кезегінде көрсетілген қызмет ұшін төлемді уақытылы және толық көлемде төлеуге міндеттенеді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық соты