Қарыз өндіру туралы талап арыз канағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы ауданының № 2 аудандық сотында талапкер «ЕврБанк» Акционерлік қоғамының  жауапкер «М»-ға ақша өндіру туралы талап арызы бойынша қозғалған азаматтық ісі қаралды.

Сотпен анықталғаны, 2015 жылы 24 ақпанда «М» мен Банк арасында банктік қарыз шарты жасасты, шарт бойынша «М» -ға 24-айға 20%-бен 1 000 000 теңге қарызға берілген.

Банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес,  Банк қарыз ақшаны мерзіміді, мақсатына сай пайдаланылады, ақылы болады, қайтарылады және қамтамасыздандырылады деген талаптармен берілген. Алайда, «М» осы шартта қарастырылған мерзімдерде және мөлшерде қарызды толық өтеу және ол бойынша сыйақы төлеуге қатысты міндеттемелерін бұзған.

Соттың шешімімен талапкер «ЕврБанк» Акционерлік қоғамының  жауапкер «М»-ға ақша өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласы Алмалы Ауданының № 2 аудандық соты