Қарыз өндіру туралы дау медиация тәртібінде қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Бостандық аудандық сотында ЖШС «Тумар» микрокредиттік қаржы мекемесінің «Б»-ға берешекті өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс  медиация тәртібімен қаралды.

Азаматтық іс матералы бойынша талапкер мен жауапкер арасында жалпы несиелік келісім шартқа 2010 жылы қол қойылған, оған сәйкес жауапкер 29 ай мерзімінде 600 000 теңге мөлшерінде несие алған.

Азаматтық істі қарау барысында тараптардан бе»бітшілік келісімін бекітуге арналған өтініш келіп түсті, оған сәйкес жауапкер «Б» талапкер ЖШС «Тумар» микрокредиттік қаржа мекемесінің алдындағы 1 010058 теңге сома қарызды мойындады. Өз кезегінде ЖШС «Тумар» МҚУ 274557 теңге келісімдегі 100% өсімді жояды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді 

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық сот баспасөз қызметі