Қарыз алушы шартта айқындалған мөлшерде қарыз берушiге сыйақы төлейдi

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «ЧСК» ЖШС-нің жауапкер П-ға қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, «ЧСК» ЖШС және П арасында қарыз шарты жасалған, осыған сәйкес П-ға қарызды пайдаланғаны үшін күніне 2,2% сыйақымен 40 000 теңге қарыз берілген.

Бірақ жауапкер өзіне алған қарызды қайтару және сыйақыны төлеуді уақытылы орындау міндеттемелерін бұзған және мерзімін өткізіп алған қарыздары бар. 2017 жылдың 12 маусымына қарыз 424 560 теңгені құрады.

ҚР АК 718 бабының 1 бөлігіне орай, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, қарыз нысанасын пайдаланғаны үшiн қарыз алушы шартта айқындалған мөлшерде қарыз берушiге сыйақы төлейдi.

Сот талап арызды қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енбеді.

Источник: 
Алматы қаласының Медеу аудандық соты