Қаруды заңсыз сақтап тасымалдағаны үшін кінәлі деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Әуезов аудандық сотында, ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігімен (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғышз аттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) қылмыс жасаған айыпталушы Ш. қатысты үкім жарияланды.

2017 жылы 13 қантарда сағат 02.37 шамасында салтанат залының көлікті тұраққа қою  аумағында жедел-іздестіру шарасын жүргізу барысында Алматы қ.ІІД КПБ қызметкерлері  Ш.-ны ұстады.  "Toyota Camry" автокөлігін тексеру кезінде, оның басқармасымен, алдыңғы жолаушы отырғышта заңсыз сақталған және тасымалдалған шолақ мылтық моделі ИжКБ, 16-шы калибрлі төрт патрондар табылып тәркіленді.

Сотта Ш. кінәсін  мойындап, өкінетіні туралы айтты.

Соттың үкімімен, айыпталушы Ш. ҚР ҚК-нің 287 бабының 1 бөлігіменайыпты деп танып, оған осы баппен 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының баспасөз қызметі