Қарт әкесін күтіп бағу үшін алимент өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Әуезов ауданы № 2 ауданыдық сотында талапкер Д. жауапкер С.-ке берген ата-ананы күтіп-бағуға алимент өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот шешімі бойынша сотқа жүгінген кезден бастап алимент өндіру кезінде жауапкер С.-тен акесін күтіп-бағуға 18 айлық есептік көрсеткіш шамасында алимент өндірілді.

 Жауапкердің акесі зейнет жасына келгенге, материалдық көмекке мұқтаж, денсаулығына байланысты, тұрақты ем қажет болғандығына байланысты талап арызды қанағаттандыруға басты негіз болды. Ал жауапкер материалдық мүмкіндігі бола тұра, өз еркімен әкесіне қажетті көмекті көрсетпеген.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі