Қарсы талаптар қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында Н.-нің С.-ға қатысты тұрғын үйден шығару туралы арызы мен С.-ның Н.-ға қатысты мәмілені жарамды деп тану туралы қарсы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Ауызша келісімшарт негізінде талапкер Н. жауапкер С.-ға пәтерді төлеу мерзiмiн созып 6 500 000 теңгеге сатқан. Шарт жасасу барысында жауапкер қолхат бойынша пәтердің құнының 2 120 000 теңге сомасын төлеген. Соңында пәтер құнының жалпы сомасынан 4 400 000теңге төлеген.

Жауапкер С.-мен келісіп, аталған пәтерді нотариус арқылы оның атына рәсімдемекші болып, талапкер одан пәтерге құқық белгiлейтiн құжаттары мен қолхаттардың түпнұсқасын сұрап алған. Талапкер Н. барлық құжаттарды алғаннан кейін, пәтерді рәсімдеуден бас тартып, пәтердің құны көтеріліп кетті деген сылтаумен жауапкерден 1 600 000 теңге сомасында қосымша ақыны төлеуді талап еткен. Жауапкер С. бас тартқан.

Сол себептен талапкер тұрғын үйден шығару туралы арызбен сотқа жүгінген.

Істі қарау барысында жауапкер талапкердің пәтер құны төленгені бойынша ақшалай қаражат алғаны туралы жазған қолхатының көшірмелерін сотқа ұсынған, талапкер оның ұсынған қолхаттарының дұрыстығы мен оған қойылған қолының түпнұсқалығын растап теріске шығармаған.

Сот шешімімен талапкер Н.-нің тұрғын үйден шығару туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тартты. Екі тараптың арасындағы сатып алу-сату туралы жасалған мәмілені жарамды деп тану туралы талапкер С.-ның қарсы талап арызы қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының Наурызбай аудандық соты