Қарақшылық туралы қылмыстық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 192-бабының 2-бөлігінің 1,4-тармақтарымен (қарақшылық) сотқа берілген «Т» азаматқа қатысты  қылмыстық іс қаралды.

19-наурыз 2017 жылы түнгі сағат 22 кезінде сотталушы Алматы қаласының Төле би мен А.Гайдар көшелерінің қиылысында басқа тұлғамен кездескен. Екеуі пайдакүнемдік ниетпен топ болып алдын ала сөз байласып, бөтеннің мүлкін ашық ұрлау жайында қылмыстық жоспар құрған. Жоспар бойынша басқа тұлға өзінің танысы У телефон соғып, кездесуге шақырған. Алдын ала құрылған қылмыстық жоспар бойынша басқа тұлға У сөйлесіп тұрған кезде, Т сотталушы ағаштардың арасынан шыға келіп, жәбірленушінің көзін аулап, басқа тұлғаны теуіп құлатқан. Содан кейін, У қорқытып, өмірі мен денсаулығына қауіпсіз күш қолданып, аяғынан шалып жерге құлатып, ішінде құны 2000 теңгелік ұялы телефон қуаттандырғышы, 3000 теңгелік иіссуы және 57000 теңге ақша қаражаты болған қолындағы құны 7000 теңгелік барсеткасын ашық ұрлап, нәтижесінде ұрланған мүлік иесі жәбірленушіге барлығы 69000 теңгені құрайтын материалдық залал келтірген.

Басты сот талқылауында сотталушы Т өзіне тағылған айыпты толық мойындап, шын жүректен өкінуін таниды. Сотталушының айыбы мен сараптаманың қорытындысы басқада сот талқылауында зерттелген  қылмыстық іс - құжаттарымен толық бекиді.

Сот үкімі бойынша сотталушыға мүлкін тәркілеп, 3 жыл 7 айға бас бостандығына шектеу жазасын тағайындалды

Сот үкімі заңды күшіне енді.

 

Источник: 
Алматы қаласының Алмалы аудандық соты