Ірі мөлшерде материалдық шығын келтірілген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Әуезов аудандық сотында, ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен  (ұрлық) қылмыс жасаған айыпталушы Н. қатысты азаматтық іс қаралды.

2016 жылы 28 тамызда сағат 17.00 шамасында сотталушы Н. Алматы қ. Өтеген батыр көшесінде орналасқан пәтерде болған, мұнда құрылыс жұмыстар жүргізіліп жатқан кезде, ас жиынтығы артында болған 10 000 доллар көлемінде, бұл баламалы 3 387 300 теңге, жәбірленуші Б.-ға тиесілі ақшаны жасырын түрде ұрлап, жәбірленушіге ірі мөлшерде залал келтірген.

Сотта Н. өз кінәсін мойындап, өкінетіндігін айтты.

Сот үкімімен сотталушы Н. ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен айыпты деп танылып, оған осы баппен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 2016 жылдың 13 желтоқсанда №27-VI «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңнына сәйкес өтеу мерзімінен бірден төрт бөлігіне қысқарып 2 жыл 2 ай 28 күн мерзімге бас бостандығынан айырды. ҚР ҚК-нің 63 бабына сәйкес оған шартты түрде соттау жазасы тағайындалып  тағайындалған жаза мерзіміне пробациялық қадағалау тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының баспасөз қызметі