Ілеспе жүкқұжатынсыз алкоголь өнімін сақтағаны үшін айыппұлға және тәркілеуге тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ӘҚБтК 282 бабаның 3 бөлігімен жеке кәсіпкер А. қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Салықтық тексеру нәтижесінде Алматы қаласы Қапшағай тас жолы 13 км көшесінде орналасқан жеке кәсіпкер А. кәсіпкерлігіндегі «Дәмді» кафесінде 8 бөтелке  8000 теңге көлемінде ілеспе жүкқұжаттарынсыз  алкогольдік өнімдер анықталған, сонымен қатар жеке кәсіпкермен ҚР «Алкогольдік өнім және этил спиртінің айналымының өндірісін мемлекеттік реттеу» заңын бұзғаны анықталған.

Сот отырысында жеке кәсіпкер А. өз кінәсін толық мойындады.

Сот қаулысымен жеке кәсіпкер А. әкімшілік құқық бұзушы болып танылып, әкімшілік жаза түрінде 75 айлық есептік көрсеткіш 159075 теңге көлемінде айыппұлға және 8000 теңгеге бағаланған 8 бөтелке алкогольдік өнімін тәркілеуге тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданарлық әкімшілік сотының баспасөз қызметі