Есірткі затын сақтағаны және өткізгені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Алатау аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 297 бабының 1 бөлігі  бойынша Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Басты сот талқылауында Б.-ың 30 қыркүйекте 2016 жылы 17.15 сағатта өз үйінің ауласында «Б.М.» деген лақап атты «сатып алушы» кейпіндегі  азаматқа  есірткі затын 3500 теңгеге сатқаны анықталды.

Сот үкімімен Б. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 297 бабының 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып,  жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Алатау аудандық сотының баспасөз қызметі