Есірткі затын сақтағаны үшін жаза тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында П.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының  2 бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсоларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасмалдау) айыпталған қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, 2017 жылы 25 шілде күні  сағат 17.00 шамасында П. Алматы қаласындағы «Олжа» базар маңында  келе жатып жерден полиэтилен қорабындағы ұнтаққа ұқсайтын затты тауып алады. Заттың «құрғатылған марихуана» есірткі зат екеніне көз жеткізген соң, өткізу мақсатынсыз өзі пайдалану үшін өзінде қалдырады.

Сол күні, сағат 17.30 шамасында, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында П. ұсталып, жеке тінту кезінде қалтасынан полиэтилен қорабы табылады. Сараптама қорытындысы бойынша, табылған зат «құрғатылған марихуана» есірткі зат болып танылды.

Сот отырысында сотталушы П. тағылған айыпты толығымен мойындады.

Сот үкімімен П. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 2 бөлігімен қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 100 сағатқа қоғамдық жұмыстар жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты