Есірткі заттарын заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында М. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 297 бабы 1 бөлігімен айыптау бойынша (есiрткi заттарды, өткізу мақсатында, заңсыз сақтау және есірткі заттарды өткізу) қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, 2016 жылдың қазан айында Алматы қаласы ІІД-нің ЕҚКБ-ның қызметкерлері және Алматы қаласы Жетісу аудандық ІІБ-ның қызметкерлерімен бірге Д. 3 000 теңгеге есірткі зат – 3,12 грамм гашишты заңсыз өткізгені үшін күдікті А.  ұсталған.

Басты сот талқылауында сотталушы А. тағылған айып бойынша кінәсін жартылай мойындады.

Сотының үкімімен А. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297 бабы 1 бөлігімен көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша мүлкін тәркіленіп, 5 жыл 6 ай жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны түзеу мекемесінің жалпы режимінде өтеу белгіленген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі