Есірткі заттарын заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында М. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 297 бабы 2 бөлігімен айыптау бойынша (ірі мөлшердегі есiрткi заттарды, өткізу мақсатынсыз, заңсыз сақтау және есірткі заттарды ірі мөлшерде өткізу) қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, 2016 жылдың мамыр айында Алматы қаласы ІІД-нің ЕҚКБ-ның қызметкерлері және Алматы қаласы Жетісу аудандық ІІБ-ның қызметкерлерімен бірге И. 5 000 теңгеге есірткі зат – 0,45 грамм героинді заңсыз өткізгені үшін күдікті М.  ұсталған.

Басты сот талқылауында сотталушы М. тағылған айып бойынша кінәсін жартылай мойындады.

Сотының үкімімен М. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297 бабы 2 бөлігімен көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша мүлкін тәркіленіп, жеті жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны түзеу мекемесінің жалпы режимінде өтеу белгіленген.

Қазақстан Республикасының ҚК-нің 91 бабы 1 бөлігі 4 тармағына сәйкес сотталған М. жазаны өтеу мекемесінде мәжбүрлі түрде нашақорлықтан емделу тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі