Есiрткi заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты есiрткi заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтағаны үшін К.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, 06 ақпанда 2017 жылы Алматы қаласының Медеу ауданының ІІБ ның полиция қызметкерлері ВСК «Медеу» бақылау өткізу пунктінде, «Субару Легаси» маркілі автокөлікті қарау кезінде алдыңғы жүргіншінің орындығының астында К.-ге тиесілі ерекше иісі бар қою коңыр түсті зат табылып, алынды. Содан соң К. оны куәландыру үшін Медеу ауданының ІІБ на жеткізілді. Сот сараптамасының Институтының сарапшысының  06.02.2017 жылғы қорытындысына сәйкес К.-ден алынған зат 5,85 грамм мөлшеріндегі  кептірілген марихуанна  есірткі заты екендігі анықталды.

Сот отырысы барысында К. өз кінәсін мойындады.  

К. сот үкімімен ҚР ҚК нің 296 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 60 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Алматы қаласының Медеу ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі