Есіртке затын сақтап, өткізгені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-баптың 3-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмысты жасаған М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды (есірткі заттарының заңсыз айналымы).

Сотпен, 2017 жылдың 19 сәуірінде М. С. куәге  заңсыз 6000 теңгеге  9,40 грамм ірі көлемдегі «гашиш» есіртке затын өткізгендігі анықталды. Сонымен қатар, 2017 жылдың 27 сәуірінде  полиция қазметкерлермен жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында М. ұсталып, оны жеке тінту, автокөлігін тінту, тұрғылықты тұратын мекен-жайы бойынша тінту кезінде жалпы көлемі 1,7 кг.-нан асатын аса ірі көлемдегі есірткі заты табылып алынды.

Сот үкімімен М. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 297-баптың 3-бөлігі 3-тармағымен мүлкі тәркілене отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің толық қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енбеді.

Қайнар: 
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты