Ерлі-зайыптылардың арасындағы жанжал жеңіл дәрежедегі дене жарақатына әкеп соқтырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алатау аудандық сотында күйеуін денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы әйелінің шағымы бойынша қылмыстық іс қаралды

2017 жылдың 03 қаңтар айында 15;00 сағат шамасында Алматы қаласы Шаңырақ-1 ы/а №55 үй ауласында ерлі-зайыптылардың арасындағы  тұрмыстық ұрыстың нәтижесінде күйеуі әйелін итеріп жіберіп, соңғысы жерге құлап дене жарақатын алды. 

Сот іс бойынша анықталғаны туыстардың арасындағы ұрыстың  салдарынан арызданушының денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.

Сот үкімімен сотталушы Е. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108-бабымен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының Алмалы аудандық соты