Ерлі зайыптылар арасындағы талап арыз бітімгершілік келісіммен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотымен талапкер О-дің жауапкер С.-ға ортақ  мүлікті бөлу туралы азаматтық  іс қаралды.

Талапкер 2008 жылдың маусым айынан бері жауапкермен некеде тұрған. Некеде тұрған кезде олармен ортақ екі бөлмелі пәтер 68 ш.м. сатып алынған. Жоғарыда аталған пәтердің нарықтық бағасы, тәуелсіз бағалаудың қорытындысына сәйкес 14 млн.теңгені құрайды. Қазіргі таңда талапкер 3 айдың ішінде жауапкерге 7 млн. теңгені, яғни ортақ жинаған мүлкінің ½ бөлігін төлеуге дайын. Сот талқылауында жауапкер талапкердің шарттарымен толық келісті.

Аталған істі қарау барысында тараптардан бітімгершілік келісімін бекіту туралы талап арыз түсті, оның талабына сәйкес, талапкер 3 ай ішінде жауапкерге 7 млн. теңге төлейді және өз талабынан бас тартады, жауапкер аталған ақшаны алған соң пәтерді талапкердің атына толық аударып беруге міндеттенеді.

Сот ұйғарымымен  бітімгершілік келісімі бекітілді.

Ұйғарым  заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық соты