Еңбек қатынастары тоқтатылды деп тану туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотымен К-ның «К» ЖШС қатысушысы С-ға қатысты еңбек қатынастарын тоқтатылды деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

К. сотқа ЖШС қатысушысы С-ға еңбек қатынастарын тоқтатылды деп тану туралы арызбен жүгініп, оны келесімен негіздеді: серіктестіктің жалғыз қатысушысы С-ның 2010 жылдың қараша айындағы №3 бұйрығының негізінде К - «К» ЖШС-нің атқарушы директоры қызметіне тағайындалған болатын. 2013 жылдың қазан айында К. С-ға өз еркімен жұмыстан шығу арызымен жүгінген, алайда, ол жауапсыз әрі қанағаттандырусыз қалдырылған.

Соттан арызды қанағаттандырып, К мен «К» ЖШС-і арасындағы еңбек қатынастарын шешім шыққан уақыттан бастап тоқтатылды деп тануды сұрады.

Жауапкер сот отырысына уақыты мен орны туралы тиісінше хабарландырылса да келген жоқ.

К-ның «К» ЖШС-і қатысушысы С-ға еңбек қатынастарын тоқтатылды деп тану туралы талап арызы қанағаттандырылды.

К. мен «К» ЖШС-і арасындағы еңбек қатынастары тоқтатылды деп танылды.

Источник: 
Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының баспасөз қызметі