Дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы бостандық ауданының №2 аудандық сотында «Ахуалдық орталықты ашылуын талқылау»-тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға аудандық соттың төрағасы Ж.Бекжанов, аудандық соттың судьялары және сот қызметкерлері қатысты.

Аудандық сот төрағасы Ж.Бекжанов өз сөзінде, ҚР Жоғарғы Сотының Ахуалдық Орталығының ашылғанына 27 күн өткенін атап өтіп, сол уақыт ішінде аудандық соттың жұмысында анықталған кемшіліктерге жеке тоқталып, оларды жою және алдағы уақытта орын алмауын қатаң ескертіп, сот төрелігін жүзеге асыруды қамтамасыз етуде қажетті бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Іс-шара барысында аудандық соттың кеңсе меңгерушісі А.Байбатырова сот процесстерінде дыбыс-бейнежазба құрылғысының қолданылуы, іс жүргізу мерзімдердің сақталуын және сот процестерінің уақытылы басталуы, сот актілерінің «Төрелік» ақпараттық жүйесіне уақытылы салынуы қажеттілігін атап айтты

Дөңгелек үстелге қатысушылар іс-шара соңында өз ойларымен бөлісті

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты