Деңсаулыққа қасақана зиян келтірген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Әуезов аудандық сотында, ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) қылмыс жасаған айыпталушы П. қатысты үкім жарияланды.

2016 жылы 30 қазанда сағат  01.00 шамасында,  П.  жәбірленуші Б.-мен жанжал туындаған, нәтижесінде Алматы қ., №5 ықшам ауданында, жәбірленушінің көкірек тұсынан пышақпен бір соққы жасап, оған қасақана ауыр зиян келтірген.

Сот үкімімен сотталушы П. ҚР ҚК-нің 106 бабының 1 бөлігімен айыпты деп танып, оған осы баппен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

2016 жылдың 13 желтоқсанда №27-VI «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңнын 4 бабының 2 бөлігіне сәйкес өтеу мерзімінен бірден төрт бөлігіне қысқарып 2 жыл 1 ай 27 күн бас бостандығынан айырды. Көрсетілген мерзімде сотталғанға пробациялық бақылау белгіленіп, жергілікті атқарушы органдар анықтаған орындарға  жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарды атқару жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының баспасөз қызметі