Денсаулыққа ауыр зиян келтiрді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Әуезов аудандық сотында,  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен  (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) қылмыс жасаған айыпталушы И. қатысты үкім жарияланды.

4 желтоқсан  2016 жылы түнгі сағат он екі шамасында, Алматы қ., сотталушы И. және жәбірленуші С. арасында мас салдарынан туындаған сөздік жанжал барысында сотталушы асхана пышағын алып, пышақпен жәбірленушінің ішіне соққы жасап, осылайша оның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген.

Сотта Иванов өз кінәсін толықтай мойындады.

Сот үкімімен сотталушы Иванов  ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танып, оған осы баппен 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. 2016 жылдың 13 желтоқсандағы«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 4-ші бабы 1 бөлігі 4 тармағына сәйкес сотталған  Ивановқа тағайындалған бас бостандығынан айыру жазаның өтелмеген бөлігінің жартысы қысқартылып өтеуге 2 жыл  2 ай 28 күн бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Айыпталушы И.-ға пробациялық бақылау берілді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының Әуезов аудандық соты