Денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында С. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106 бабы 2 бөлігінің 7 тармағымен айыптау бойынша (бұзақылық ниетпен адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру).

Сотпен анықталғаны, 2016 жылдың қыркүйек айында  сотталушы С. пен жәбірленуші Х. арасында өзара сөзге келеспеушілік орналып, сотталушы С. қолына пышақ алып жәбірленуші Х. бүйрек тұсынан соққы жасаған. Нәтижесінде жәбірленуші Х. сол жақ бел аймағының түйреліп-кесілген жарақаты түріндегі, өмірге қауіптілік сипаты бойынша ауыр дәрежедегі зиян келген.

Басты сот талқылауында сотталушы С. тағылған айып бойынша кінәсін ішінара мойындады.

Сот үкімімен С. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106 бабы 2 бөлігінің 7 тармағында көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны түзеу мекемесінің жалпы режимінде өтеу белгіленген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі