Даудың медиация тәртібімен аяқталуына байланысты іс бойынша іс жүргізу қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында  «Ж» талапкердің  жауапкер «М»-ға  ақшаны өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

«М» жауапкер «Ж» талапкерден қарызға 380 000 теңге мөлшерінде  ақша сомасын алып, келісім шартта көрсетілген мерзімде қайтармаған.

Азаматтық істі қарау барысында екі тараптан да медиация тәртібінде дауды реттеу туралы  арыз түсті.

Келісімге сәйкес,  жауапкер қарыз сомасын 5 ай ішінде 76 000 теңгеден төлеп беруге міндеттенді.

Медиация келісімі сотпен бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу қысқартылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының баспасөз қызметі