Дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкерлер: С., М., К.-ның, жауапкер З.-ға  қатысты жер құрылыс жұмыстарына қатысты келісімнен бас тартуын терісқылық деп тану туралы талап арызымен азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істі қарау барысында  тараптардан келісілген   дауды бейбіт-бітімгершілік  жолмен шешу туралы жазбаша  арыз сотқа келіп түскен. Талапкерлер мен жауапкер арасында келісім бойынша Центральная к-сі 115 үй және 117 «А» үй арасындағы жер теліміне 2016 жылдың сәуір айында  геодезист-маман жасаған сызба бойынша шекара орнатылған,  жер телімдерінің көлемі:  Центральная к-сі 115 үй-0,1330 га, ал Центральная к-сі 117 «А» үйдің-0,00990 га құрайды.

Дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім тараптармен  жазбаша түрде толтырылып қол қойылды.

Сот ұйғарымымен  дауды медиация тәртібінде реттеу туралы аталған  келісім бекітілді. Келісім заңға қайшы келмейді, тараптардың құқықтары бұзбайды.

Соттың ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының баспасөз қызметі