Дау партисипативтік рәсім тәртібінде реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Медеу аудандық сотында талапкер А.Р. жауапкер Г.З.-дан қол хат бойынша алынған қарыз соманы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, қарашада 2015 жылы жауапкер Г.З. талапкер А.Р.-ден 15 000 000 теңге көлемде қарыз алған және 2016 жылғы наурызға дейін қайтаруға міндеттелген. Жауапкер қаражат алғандығы туралы қолхат жазылған.  

Аталған дау партисипативтік рәсім тәртібімен шешіліп, іс бойынша іс жүргізу қысқартылды. Партисипативтік келісім жасау арқылы тараптарға ортақ шешімге келуге мүмкіндік берді.

ҚР АІЖК-нің 277 бабының 6 тармақшасына орай, егер тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе сот өндірісін тоқтатады.

Партисипативтік рәсіммен реттелген келісім тараптарға дауды қысқа мерзімде, материалдық шығынның төмендеуіне, тараптар арасындағы тұрақты қатынастың сақталып қалуына ықпалын тигізді. 

Источник: 
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының баспасөз қызметі