Дау бейбіт келісім тәртібінде шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер: Н.-тың жауапкер И.-ға қатысты 4 000 000 теңге қарызды  және сот шығыны бойынша  мемлекеттік баж салығын өндіру туралы  азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істі қарау барысында  тараптар келісілген дауды бейбіт-бітімгершілік  жолмен шешу туралы арыз сотқа келіп түскен. Бейбіт-бітімгершілік келісімге  қол қойылған сәттен бастап жауапкер 2017 жылдың қыркүйек айына дейін қарызды  баж салығымен қоса төлеп бітуге міндеттелді

Аталған бейбіт-бітімгершілік келісім тараптар арасында қол қойылған, бейбіт-бітімгершілік  келісімі заңға қайшы келмейді, тараптардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүддесін бұзбайды.

Соттың ұйғарымымен бейбіт келісім бекітілді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының баспасөз қызметі