Бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотымен Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармақтарымен сотқа берілген Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

16 сәуір 2017 жылы 13:00 сағат шамасында Т.  бөтеннің мүлкін адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, жасырын жымқыру мақсатында Алматы қаласы Қалқаман-2 ықшам ауданы Шарденов көшесіндегі үйдің жанына келген. Аталған үйде ешкімнің жоқ екеніне Т. және оның сыбайластары нақты көздерін жеткізіп, үйдің ауласындағы қоршаудан асып түскен. Олар өздерінің алдын ала жоспарлаған қылмыстық әрекеттерін аяғына дейін жеткізу үшін, үйдің пластиктен жасалған терезесін ашып үйдің ішіне заңсыз кірген. Бөлмелерді аралап, жататын бөлмедегі төсектің үстінде тұрған А-ға тиесілі бағасы 80 000 теңге болатын «Samsung» маркалы ноутбукты жасырын ұрлап, оқиға болған жерден жасырынған.

Сот отырысында жәбірленуші А. сотталушы Т-мен татуласқандарын, келтірілген зиянды қалпына келтіргендіктен, оны қылмыстық жауаптылықтан босатып, қылмыстық істі қысқартуды сұрады.

Сот қаулысымен Т. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармақтарында көрсетілген қылмысты жасауда айыптау туралы қылмыстық іс жәбірленушімен медиация тәртібінде татуласуына  байланысты сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатумен ҚҚ-нің 68-бабының 1 бөлігінің негізінде қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген. 

Источник: 
Алматы қаласы Наурызбай аудандық соты