Бөтеннің мүлкін ашық жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191 бабы 1 бөлігімен қарастырылған қылмысты жасаған Н. қатысты айыптауы бойынша (тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру) қылмыстық ісі қаралды.

Сотпен анықталғаны бойынша, 2016 жылғы 7 наурызда сағат 20.00 шамасында сотталушы «Алуа» сұлулық салонына келіп, алкогольді масаю күйінде болып, Т.-ның қолынан «iPhone 6» маркалы ұялы телефонын ашық жымқырған, солай соңғыға 151 200 теңге сомасында материалдық зиян келтірген.

Басты сот талқылауы барысында сотталушы Н. тағылған айып бойынша кінәсін толық көлемде мойындады.

Сот үкімімен сотталушы Н. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191 бабы 1 бөлігімен қарастырылған қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, және аталған бап бойынша 1 (бір) жыл мерзіміне бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының баспасөз қызметі