Бөтеннің мүлкін алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы, аса ірі мөлшерде иемдену

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында К.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 177 бабы 4 бөлігінің «б» тармағымен айыптау бойынша (алаяқтық, бөтеннің мүлкін алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бірнеше рет аса ірі мөлшерде иемдену) қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, 2012 – 2014 жылдар аралығында сотталушы К. және С. адамдар тобымен алдын ала сөз байласуымен, жәбірленушілер Т., Т., М., Т., Р.,С. және Ф.  ауыр материалдық жағдайда екенін пайдаланып, оларға тиесілі жылжымайтын мүлікті, алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы, жалған сатып алу-сату туралы келісім шартын жасаған. Содан, сотталушы К. және С. жәбірленушілерге келісім шарт бойынша алған ақшаны, олардың бизнесіне жоғарғы пайызбен салуды ұсынған, алайда сотталушы К. және С. бизнесі және қарызды беру туралы ойы мен жағдайы болмаған. Нәтижесінде сотталушы К. және С. қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленушілерге 50 105 000 теңге материалдық шығын келтірген.

Сот үкімімен сотталушы К. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 177 бабы 4 бөлігінің «б» тармағымен кінәлі деп танылып, оған Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 4 бабы 1-бөлігінің 4 тармағының негізінде, түпкілікті мүлкін тәркілеу және 3 жыл 5 ай 20 күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны өтеу қылмыстық атқару жүйесінің орта қауіпсіздік мекемесінде белгіленген.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық соты